Көрмеге ауған соғысы ардегерлері, жас суретшілер қатысты. Іс-шарада Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Ринат Кенеев құттықтау сөзін сөйлеп, ардагерлерді және ұжымды аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады.
Сонымен қатар, отан қорғаудағы және жастарға патриоттық тәрбие беру жолындағы еңбектері үшін Абай атындағы ҚазҰПУ, Өнер, мәдениет және спорт институты «Көркем білім» кафедрасының оқытушылары Базар Ырыстанұлы (Шығармашылық жұмысы: Бейбітшілікті аңсау) «Ауғанстан ардагерлері» Республикалық қоғамдық бірлестігінің батыр Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» төсбелгісімен, Ернат Иманбакиев (Шығармашылық жұмысы: Достар әні) «Құрметті ұстаз» төсбелгісімен және құрмет грамоталарымен марапатталды.Көрмеге көрермендер ыстық ықыластарын білдірді. Көрмеге қойылған жас оқытушылардың жұмысы жоғары дәрежеде бағаланып, «Ауғанстан ардагерлері» ұйымының қорына алынды.