Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Болат Бәриұлы Иманбаев Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Бруней-Даруссаламдағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды; Сергей Нұртайұлы Нұртаев Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Мальта Республикасындағы, Сан-Марино Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды; Болат Тұрарұлы Нүсіпов Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.