Ирандағы ұшақ апатынан Канадалық 73 студент қаза тапты
Ирандағы ұшақ апатынан Канадалық 73 студент қаза тапты
73
оқылды

Студенттер украиналық әуекомпаниясын төмен бағаға бола таңдаған.

Украиналық ақпарат құралдарының хабарлауынша, бортта 15 украиндық (2 жолаушы және 13 экипаж мүшесі) болған, деп хабарлайды zakon.kz порталы Маsh-қа сілтеме жасап.

Алдын-ала ақпарат бойынша, қаза болғандардың көпшілігі төмен бағаға байланысты украиндық әуекомпания қызметін пайдаланған. Студенттер Рождество мерекесінен кейін сабаққа оралу үшін ұшқан.

Құтқарушылар украиналық ұшақтың қалдықтарының арасынан қолжазба жазбаны тапты. Онда ирандық студент Құдайдан емтихан тапсыруға көмек сұраған.

 хат.jpg


Украиналық ақпарат құралдарының хабарлауынша, бортта 15 украиндық (2 жолаушы және 13 экипаж мүшесі) болған. Қалған жолаушылар шетел азаматтары болды:

 • Иран азаматтары – 71

• Канада азаматтары – 73

• Германия азаматтары – 4

• Ұлыбритания азаматтары – 3

• Швеция азаматтары – 8

• Ауғанстан азаматтары – 6