Үкіметтің экономиканы дамытуға арналған «Б» жоспары қандай?
Үкіметтің экономиканы дамытуға арналған «Б» жоспары қандай?
151
оқылды

Бұл туралы Мәжілістегі Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындаудың Жол картасын талқылау жиынында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин әлеуметтік-экономикалық ахуалды жақсарту үшін жасалып жатқан жоспар туралы сұрады.

«Әсет Арманұлы, 2019 жылдың қорытындысы бойынша шағын және орта бизнестің үлесі – 31,7 пайыз. Есеп бойынша, былтыр 28,5 пайыз болады. Бұл – шағын және орта бизнеске пандемияның әсері. Коронавирусқа байланысты шектеу шаралары да бизнесті тұралатты. Біз әлі де пандемияның қашан аяқталатынын дөп басып айта алмаймыз. Партия төрағасы да, Мемлекет басшысы да «Б» жоспары болуы керек деді. Егер біз қауіп-қатерге тап болсақ, қосымша жоспары бар ма?», – деп сұрады Нұрлан Нығматулин.

Әсет Ерғалиев «Б» жоспары барын айтты.

«Үкімет Ұлттық банк және Қаржы нарығын дамыту агенттігімен бірлесіп, әлеуметтік-экономикалық ахуал нашарлаған жағдайда бірлескен іс-қимыл жоспарын әзірледі. Бизнесті дамыту, сондай-ақ макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған. Коронавирустың таралуы және мұнай бағасының тұрақсыздығы және тағы басқа да сыртқы факторлар бар», – деді.