Түркіменстан президенті өз ұлын вице-премьер етіп тағайындады
Түркіменстан президенті өз ұлын вице-премьер етіп тағайындады
235
оқылды

Түркіменстан президенті Сердар Гурбангулыұлы Бердымұхамедовті министрлер кабинеті төрағасының орынбасары, Түркіменстан жоғары бақылау палатасының төрағасы етіп тағайындады.

11 ақпан күні қол қойылған жарлыққа сәйкес, ол Түркіменстан мемлекеттік қауіпсіздік кеңесінің құрамына кірді деп хабарлады turkmenportal.com сайты.

Вице-премьердің жаңа лауазымы министрлер кабинеті мен Түркіменстан мемлекеттік қауіпсіздік кеңесінің бірлескен отырысында бекітілді. Түркіменстан президенті Сердар Бердымұхамедовті қызметке тағайындай отырып, жаңа вице-премьердің міндетіне цифрлық жүйе мен инновациялық технологияларды өндірістің барлық саласына, мемлекеттік басқару және қоғамдық құрылым жүйесіне енгізу. Сондай-ақ осы қызметті бақылауды жүзеге асыру жұмыстары кіретінін айтты.

Сердар Бердымұхамедов бұған дейін, 2020 жылдың 7 ақпанынан бастап Түркіменстанның өнеркәсіп және құрылыс өндірісінің министрі қызметін атқарған.