6 өңірде ескерту жарияланды
6 өңірде ескерту жарияланды
5,107
оқылды

«Қазгидромет» РМК ауа райының қолайсыздығына байланысты 6 өңірде ескерту жариялады.

Атап айтқанда, 9 қаңтар күні Қостанай, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласының кей жерлерін тұман басуы ықтимал.

Қызылорда облысының жекелеген аумақтарында тұман мен көктайғақ сақталады.

Сондай-ақ, Ақмола және Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде қалың тұман түседі.