Австралиядағы өрттің түтіні Бразилияға жетті
Австралиядағы өрттің түтіні Бразилияға жетті
104
оқылды

Австралиядағы орман өртінің түтіні Тынық мұхиты мен Оңтүстік Америка құрлығын айналып Бразилияның оңтүстігіне жетті. Бұл туралы MetSul метеорологиялық компаниясы хабарлады.

Айта кетейік, бұған дейін Австралияның өрті Чили мен Аргентинаға жеткені хабарланған. Түтін Чилидің оңтүстігіндегі және орталығындағы қалаларында да байқалды.

Австралиядағы өрттің түтін бүгін таңертең Ливраментонада (Бразилияның оңтүстігіндегі Риу-Гранди-ду-Сул штаты) және Уругваймен шекарада да байқалды. Метеорологиялық компанияның хабарлауынша, түтін аса биіктікте болғандықтан адам денсаулығына зияны жоқ.