Баласын сатпақ болған әйел ұсталды
Баласын сатпақ болған әйел ұсталды

Өзбекстанның Ташкент облысында үш айлық баласын 400 долларға сатпақ болған әйел ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің терроризммен және экстремизммен күрес бас басқармасы хабарлаған.  

Сәби қалалық балалар ауруханасына берілген. Тергеу кезінде баласын сатпақ болған әйелдің Ахангаран ауданында тұратыны және жұмыссыз екені анықталған. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр, әйел 8-12 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.