Нұр-Сұлтандағы микронесиелік ұйымға шабуыл жасалды

Нұр-Сұлтандағы микронесиелік ұйымға шабуыл жасалды

Елордада тапа тал түсте микронесиелік ұйымға шабуыл жасалды.Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.

«Сағат 17:45-те Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына микронесиелік ұйымға шабуыл жасалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Полицияға жүгінген бойжеткеннің айтуынша, оған белгісіз ер адам тап берген. Пышақпен қорқытып, ашық түрде ақшаны жымқырып кетпек болған. Оқиға орнына «Байқоңыр» аудандық полиция басқармасының жедел тергеу тобы шұғыл шығып, бір тәуліктің ішінде күдіктіні ұстады», – делінген хабарламада.

Тергеу амалдары кезінде ұсталған азамат қылмысын мойындады. Онымен бірге полицейлер қылмысты дәлелдейтін айғақ заттарды тәркіледі. Қазіргі уақытта күдікті қаладағы уақытша оқшаулағышта отыр.

Ұсталған 1992 жылғы күдіктінің тұрақты жұмысы болмағаны хабарланып отыр. Бұрын-соңды қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған.

Аталмыш факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

https://youtu.be/3DIUxUV8MBU