Батыс Қазақстан облысында 13 мектеп карантинге жабылды
Батыс Қазақстан облысында 13 мектеп карантинге жабылды
105
оқылды

«Сары» аймақтар қатарындағы Батыс Қазақстан облысында эпидахуал әлі де күрделі. Өткен тәулікте 75 адам коронавирус жұқтырған. Инфекциялық стационарлар 60%-ке толды. 27 адам жансақтау бөлімінде жатыр.

Білім беру мекемелерінде қатерлі індет жұқтыру дерегі көбейіп барады. Үшінші тоқсанның өзінде өңірде 167 оқушы дертке шалдыққан. Жергілікті бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, мектептерде коронавирус тіркелген жағдайда енді сыныптар ғана емес, ғимарат толықтай карантинге жабылады. Бүгінгі таңда дәл осындай 13 білім ордасының есігі құлыпталды.

– Инкубациялық кезеңге дейін оқушыларымыз қашықтан оқитын болады. 1 ақпаннан бастап облысымызда коронавирустың 889 жағдайы тіркелген.  Профилактикалық мақсатта тексерілген азаматтардың арасында 14,6%, стационарларға емдеуге жатқызу алдында эпидемиологиялық қадағалау мақсатында сынама алынған кезінде 9,2%-тен анықталып отыр, – дейді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев.