Елордада алдағы жексенбі күні коғамдық көліктер жүреді

Елордада алдағы жексенбі күні коғамдық көліктер жүреді

Елордада жексенбі, яғни 14 ақпан күні қоғамдық көлік жүреді,– деп хабарлады City Transportation Systems баспасөз қызметі. Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қоғамдық көліктің штаттық режимде жұмыс істеуіне, жексенбі, демалыс және мереке күндері тоқтаусыз (экспресс-бағдарлардан басқалары) сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін жүруіне рұқсат етіледі. Автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды. Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді.