АҚШ-та 100-ден астам көлік соқтығысып, 5 адам көз жұмды

АҚШ-та 100-ден астам көлік соқтығысып, 5 адам көз жұмды

АҚШ-та 100-ден астам көлік соқтығысқан ірі апат болды. Оқиға Форт-Уорт қаласындағы штатаралық тас жолда болған. Төтенше жағдай қызметінің хабарлауынша, жол апатынан бес адам қаза тауып, 36 адам жарақат алған. Қайғылы жағдайға ауа райының қолайсыздығы себеп болған. Жолдың бәрін мұз басқан. Апаттың салдарын жою үшін төтенше жағдай орнына 26 өрт сөндіруші, 80 полиция машинасы және 13 жедел жәрдем көлігі келді. Құтқару қызметтерінің хабарлауынша, көліктерде қалып қойған адамдардың көпшілігі құтқарылды. Жолдар автомобильдерден біртіндеп тазалануда. https://youtu.be/KZKy1NbG3gc