Кукушкин Доха турнирінің ширек финалына шыға алмады
Кукушкин Доха турнирінің ширек финалына шыға алмады
5,116
оқылды

Бәсеке 1 сағат 10 минутқа созылды.

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Доха (Катар) ATP турнирінің ширек финалына шыға алмады.
Рейтингте 66-орында тұрған М.Кукушкин екінші айналымда әлемнің 23-інші, осы жарыстың 2-ракеткасы, ресейлік Андрей Рублевпен кездесті. Бірінші партияда ресейлік теннисші 6:4 есебімен басымдылық танытқан. Екінші сетте де есесін жібермеді – 6:2.

А.Рублев Доха турнирінің (жүлде қоры 1,5 млн АҚШ долларына жуық) жартылай финалына шығу үшін сербиялық Ласло Дьере немесе франциялық Пьер-Юг Эрбердің біреуімен таласады.