Браконьерлер 2,4 млрд теңге шығын келтірді

Браконьерлер 2,4 млрд теңге шығын келтірді

Браконьерлердің тек ақбөкен аулауынан мемлекетке 2,4 миллиард теңге шығын келген. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев хабарлады. Ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында 2020 жылғы жұмыс қорытындысы шығарылды.

Министр орынбасарының айтуынша, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі коми­тетінің инспекторлары өткен жы­лы киіктерге қатысты бра­коньер­ліктің 85 фактісін тіркеді. Бұл –  анықталғаны ғана. Соның өзінде 727 киік ұшасы мен 9 743 мүйізі тәркіленді. 71 браконьер ұс­талып, қылмыстық жауап­кершілікке тартылды. Жалпы шы­ғын – 2,4 млрд теңге. «Сондай-ақ 2020 жылы ІІМ және ҰҚК бірлесіп «Киік» та­биғатты қорғау акциясын іске қос­ты. Оның аясында алдын алу іс-шаралары жандандырылды. Киіктер мен басқа да жабайы жануарлардың браконьерлігіне мамандандырылған бірқатар қыл­мыстық топтың жолы кесілді. Бұ­дан басқа, Қазақстанның бар­лық аумағында киіктерді, олардың бөліктері мен дери­ваттарын пай­далануға тыйым мерзімі 2023 жыл­ға дейін ұзартылды. Бес­пи­лот­никтерді, бейне­тіркегіш­терді, бейнежетондарды қолдануға не­гізделген «Smart патрульдеу» пи­лоттық жобасы іске қосылды. Инспекторлық құрам ІІМ оқу ор­талықтары базасында білік­тілікті арттырудан өтті», – деді вице-министр. Е.Нысанбаев 2021 жылы елі­мізде «Жануарларға жауап­кер­шілікпен қарау туралы» заң жо­басы қабылданатынын жет­кізді. Сондай-ақ 2030 жылға дейін­­­гі Жануарлар дүниесін сақтау және аңшылық шаруашы­лық­тарын дамыту мастер-жос­пары бе­кі­тілмек.

Айхан ШӘРІП