Ақтөбеде мұнай қалдығы қоймасы жанып жатыр
Ақтөбеде мұнай қалдығы қоймасы жанып жатыр
118
оқылды

Жаңажол ауылында (Ақтөбе облысы) 8 қаңтар күні кешке үш мың текше метрлік мұнай қалдықтарын сақтайтын қойма өртенді. Бұл туралы Tengrinews.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. Оқиға «ЖНҚК» мұнай зауытының (Жаңажол мұнай-газ кешені) «Ақтөбе-Мұнайгаз» МГӨБ аумағында болды. Зардап шеккендер жоқ.

«Келеңсіз жағдай «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ территориясында болды. Аумағы 3 мың текше метр болатын мұнай қалдықтарына арналған резервуар өртенді. Барлығы 8 техника мен 35 адам жұмылдырылды. Ақтөбе қаласынан тағы 5 техника мен 25 қызметкер жіберілді. Зардап шеккен адам жоқ», - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.



https://youtu.be/69-1ONkLjEg