Трамп: «Мен президент болып тұрғанда Иран ешқашан ядролық держава бола алмайды»
Трамп: «Мен президент болып тұрғанда Иран ешқашан ядролық держава бола алмайды»
81
оқылды

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның Ирактағы АҚШ әскери базаларына зымыран соққыларынан кейін мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды bbc.com.

Ол келтірілген шығын аз болды, бірде-бір америкалық қаза болған жоқ және Ирактағы АҚШ-тың базаларында аса қатты қирау болмады деп атап өтті. Оның айтуынша, ерте ескерту жүйесі өте жақсы жұмыс істеді.

Президент Дональд Трамп Иранның ядролық державаға айналуына жол бермеу туралы уәде берді.

Дональд Трамп: «Мен президент болып тұрғанда Иран ешқашан ядролық держава бола алмайды», - деді.

Бұдан кейін Трамп ирандық генерал Сулейманидің неліктен өлтірілгені туралы айтты. «Оның қолында қан болды, ол америкалық азаматтарға шабуыл дайындады. Сондықтан оның көзін ертерек жою керек еді», - деді Трамп.

Америка басшысының айтуынша, Иран ядролық қару жасауға деген амбицияларынан бас тартып, террористерді қаржыландыруды тоқтатуы керек.

https://youtu.be/1rWnqqW5C5g