Елордада «Қайырымды істер марафоны» акциясы басталды. Қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен аталған марафонның ашылу салтанатында сөз сөйлеп, ізгі тілек тіледі.
Нұр-Сұлтан қаласында жыл сайын волонтерлер мен меценаттардың мұрындық болуымен түрлі қайырымдылық шарасы өтетіні белгілі. Әсіресе, өткен жылы Biz Birgemiz акциясы бойынша қалада мыңнан астам отбасына көмек көрсетілді. Аталған марафон сол акцияның жалғасы болмақ. Бақтияр Мәкеннің айтуынша, биыл бұл бағыттағы жұмыс одан әрі жалғасады. Сондықтан ол азаматтарды қайырымдылық жасауға шақырды. Қала әкімінің орынбасары қайырымдылық жасау қаржылай немесе зат тұрінде көмектесумен шектелмейтінін баса айтты. Бастысы, айналаңа оң көзбен қарап, көмектесуге, демеу көрсетуге ниеттенсең жеткілікті. «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі ұйымдастырған «Қайырымды жандар марафоны» тек елордада емес, республика көлемінде жалғасады. Сондай-ақ аталған марафонда қайырымдылық жасауға бейім үкіметтік емес ұйым өкілдері марапатталды.А.АЙДАРҚЫЗЫ