Қазақстан – турнир жеңімпазы
Қазақстан – турнир жеңімпазы
105
оқылды

Елордада шайбалы хоккейден Qazaqstan Hockey Open-2021 турнирі мәресіне жетті. Бұл ойында Қазақстан және Ресейдің олимпиада құрамасы кездесті.

Алғашқы турда Беларусь құ­рамасын Қазақстан 5:2 есебімен жеңсе, ресейліктер 4:2 есебімен тізе бүктірді. Осылайша, Қазақ­стан мен Ресей хоккейшілерінің жеңімпаз атануға мүмкіндігі артты. Кешегі кездесуде жеңіске жеткені чемпиондық атаққа қол жеткізетін. Бірінші кезеңнің 13-минутында қазақстандық Никита Михайлис мергендік танытты. Ал екінші кезеңнің 25-минутында ресейлік Илья Морозов таразы басын теңестірді. Үшінші кезеңнің 53-минутында Никита Михайлис кездесудегі өзінің екінші шайбасын соқты. Осылайша, Қазақстан қарсы­ласын 3:2 есебімен жеңіп, турнир жеңімпазы атанды. Сондай-ақ бүгін Қазақстанның екінші құрамасы Беларусьпен көрнекі матч өткізіп, олардан 3:2 есебімен ба­сым түсті. Олардың жеңісі есеп­телмейді. Себебі қазақстан­дықтар турнирге көрнекі матч өткізу үшін қосылған.

Гүл БЕКЗАТ