Ақмола, Алматы, Түркістан, Батыс және Солтүстік Қазақстанды тұтас тұман басады
Ақмола, Алматы, Түркістан, Батыс және Солтүстік Қазақстанды тұтас тұман басады

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

Еліміздің оңтүстік-батысында кейбір жерде жауын-шашын жауады. Ал қалған аймақтарда қар жауады. Тек оңтүстікте жауын-шашын жоқ, күн ашық. Кей жерлерде қалың тұман басады. Оңтүстікте және батыста көктайғақ болады деп күтіледі. Жамбыл облысында жаяу бұрқасын көтеріледі.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде, Ақмола, Алматы, Түркістан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.

Қызылорда, түнде Маңғыстау, Атырау облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтіледі.