Қоқыс жағатын зауыт салынады
Қоқыс жағатын зауыт салынады
103
оқылды

Экология, геология және табиғи ресурстар министр­лігінің вице-министрі Ахмет­жан Пірімқұловтың айтуынша, қалалар мен ірі аудандарда қалдық жинайтын 84 полигон салу керек.  Ол бұл жайында министрліктің кеңейтілген алқа мәжілісінде баяндап берді.

Оның айтуынша, қазір басты мәселе – экологиялық және санитар­лық талаптарға сәйкес кел­мейтін полигондардың жағ­дайы. Ал министрлік елдегі ау­дан­дық және облыс орталық­тарына қажет полигондар санына талдау жасаған. Есепке сәйкес, түрлі орталықта 110 полигон бар. Бұл көрсеткіш ал­дағы үш жылда бірінші кезеңде қалалар мен ірі аудандарға  кемінде 84 полигон салу қажетін  айқында-ған. Оған қоса, вице-министр 6 қалада қоқыс жағатын зауыт салу жоспарда барын айтты. Алда Нұр-Сұлтан, Алматы, Шым­кент, Аты­рау, Тараз бен Ақ­төбеде қоқыс жа­ға­тын зауыт салынады. Мұндай бас­тамаға басқа қалалар да қызығу­шылық танытқан сыңайлы. Сонымен, министрлік биыл бірінші жартыжылдықта ау­кцион өткізіп, энергия өндіруші ұйымдар­дың тізбесін жасайды. Екінші жар­ты­жылдықта қо­рытынды шығару жос­парланған. Жалпы, елімізде қал­дықтың жиналуын азайту үшін энер­­гетикалық кәдеге жарату жол­ға қойылған. Яғни, қоқыс өртеліп, одан электр қуаты өндіріледі де, бұл жалпы электр желісіне сатыла­ды. Мұндай технологияны Waste to energy деп атайды.

А.ЖОЛДАС