ҚазҰУ-да жалақы 20 пайызға өсті
ҚазҰУ-да жалақы 20 пайызға өсті

ҚазҰУ Басқарма төрағасы-ректор Жансейіт Түймебаев бүгін оқу ордасындағы барлық қызметкердің жалақысын 20 пайызға өсіру туралы бұйрыққа қол қойды.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Үкіметке жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысын арттыру мәселесін қарауды тапсырған болатын. Осыған сәйкес, ҚазҰУ Басқарма төрағасы-ректор қызметіне кіріскен Жансейіт Түймебаев шұғыл шешуді талап ететін бірінші кезектегі мәселе ретінде оқытушылар мен қызметкерлердің жалақысын көтеруді қарастырып, барлық қызметкердің жалақысын 20 пайызға көтеру туралы жедел шешім қабылдады. Бұл шара қызметкерлерді әлеуметтік қолдауға және олардың әл-ауқатын жақсартуға, сондай-ақ оқытушы мамандығының беделін арттыруға бағытталған.  

Серік ӘЛІМЖАНОВ,  Алматы