Дәрі-дәрмек 18 жасқа дейін тегін беріледі
Дәрі-дәрмек 18 жасқа дейін тегін беріледі
121
оқылды

Көктемнен бастап дәрі-дәрмекпен қамту мәселесі оңтайлы шешімін табады, – деп хабарлайды Atameken Business.

Қоймада 30 млрд теңгенің 800-ге жуық дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар жеткізілген.  

Наурыз айынан бастап, 18 жасқа дейінгі балаларға  тегін берілетін дәрі-дәрімектердің тізбесіне тағы 68-і қосылады.

Осылайша, дәрігердің кеңесімен жасөспірімдер 200-ге жуық препаратты тегін алуына болады. «СК-Фармация» компаниясының басшысы Берік Шәріп тегін берілетін дәрінің де белгілі бір шегі бар екенін айтты.

Айта кетейік, тегін дәрі-дәрімекті кез келген отбасы әлеуметтік жағдайына қарамастан, ала алады.

Қызуды түсіретін және қабынуға қарсы құралдар және антибиотиктер сатып алынған.