Даниярға берілген мүмкіндік
Даниярға берілген мүмкіндік
147
оқылды

Отандасымыз Данияр Елеу­сінов былтыр қараша айын­да намибиялық Джулиус Индонгоны екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, жартылай орта салмақта IBF Inter-Continental чемпионы ва­канттық белбеуін иеленіп, Алаш жұртын қуанышқа бө­ле­генін көпшілік әлі ұмыта қой­ған жөқ. Осы жеңісінен кейін қазақ боксшысы да BoxRec рейтингінде бірден 39-орыннан 26-орынға кө­терілді.

Бүгінде Данияр кез келген қар­сыласпен жолығып, әлем чем­пионы атағына таласуға дайын. Бұл жөнінде спортшы газетімізге берген сұхбатында мәлімдеді. – Осы жылы маған рейтинг кө­теретін кездесулер өткізу керек. Оның бәрі материалдық тұрғыдан біраз қаражатты қажет етеді. Бас­тапқы кезде мен асығыс шешім қа­былдауды ойлаған жоқпын. Кә­сіп­қой бокстың қыр-сырын тү­сініп алуды, өз салмағымдағы қар­сыластарымды зерттеп алуды ой­ладым. Тәжірибе жинауға бо­латын қарсыластармен жекпе-жек өткіздім. Уақыт өте келе дең­гейіміз артып келе жатыр. Қараша айында кездескен қарсыласым Индонгоның өзі 63,5 келі салмақ дәрежесінде екі-үш белбеудің иегері болған. Оларды Эдуард Трояновский, Рики Бёрнс, Теренс Кроуфордтан алды. Оның жеңісі­не бастапқы кезде көбі сенбеген. Бірақ Индонго мықты­лығын көрсетті. Маған ең қауіпті деген қарсылас сол болды. Бірақ атал­ған жек­пе-жекте менің асы­ғым ал­шысынан түсті. IBF, WBO тұжы­рымы болсын, рейтингте жоғары тұрған қарсыластармен кез­десуді мақсат тұтып отырмыз. Сер­гей Липинец, Кастио Клей­тон, Кэита Обара сынды боксшы­лардың қай-қайсысы да үздік боксшылар. Алдағы уақытта осы­лардың ара­сынан лайықты қарсы­ласты промоутеріммен бірге таң­даймыз. Қарсыласым, жек­пе-жектің уа­қыты мен өтетін жері әлі нақ­тыланған жоқ. Жаңа­лық бол­са, бөлісуге асық­пын, – деді Данияр. Жуырда Asianboxing.info сайты қазақстандық боксшы 2021 жылы кездесуі мүмкін былғары қолғап шеберлерінің тізімін жариялады. Ол жерде де Сергей Липинец, Давид Аванесян, Кастио Клейтон, Йорденис Угас және Шон Портер сияқты орта салмақтағы үздік бо­кс­шылар бар. Ал Данияр Елеу­сіновтің (10-0,6 КО) промоутері Эдди Хирн оның қашан рингке оралатынын айтты. – Данияр осыған дейінгі жек­пе-жегінде Индонгомен жақсы айқас өткізіп, сенімді түрде же­ңіске жетті. Енді ол үлкен жекпе-жектерге дайындалып жатыр. Данияр өз салмағында кез келген боксшы үшін қауіпті қарсылас саналады. Кейінгі кездесуінде ринг төрінде қалай атой салғанын өздеріңіз де көрдіңіздер. Амандық болса қазақстандық боксшы сәуірде рингке оралады, – деді Хирн.

Осы жылы Даниярға рейтингісі жоғары бокс­шылармен жұдырықтасқан дұрыс. Абсолют чемпиондық кезде­суде Кроуфортты жеңген Ин­донгоны екінші раундта ұтқаны Даниярдың нағыз бабында екенін көрсетті. Енді қорықпай, мықты­лармен шыға беру керек. Өз ба­сым, Даниярдың Вирджил Ортиз­бен шыққанын қалаймын.

Әзірге Елеусіновтің қарсыласы кім болатыны нақтыланбады. Спорт сарапшысы Табиғат Абаил­да­ев Даниярға IBF рейтингінде үздік ондықта тұрған боксшы­лармен жұдырықтасу керегін атап өтті. – Қазақстандық кәсіпқой бокс­шылардың ішінде техника­лық шеберлігі жоғары боксшы деп Данияр Елеусіновті айтар едім. Кәсіпқой боксқа ауысқалы 66 келіде бақ сынап жүр. Осы жылы Даниярға рейтингісі жоғары бокс­шылармен жұдырықтасқан дұрыс. Абсолют чемпиондық кезде­суде Кроуфортты жеңген Ин­донгоны екінші раундта ұтқаны Даниярдың нағыз бабында екенін көрсетті. Енді қорықпай, мықты­лармен шыға беру керек. Өз ба­сым, Даниярдың Вирджил Ортиз­бен шыққанын қалаймын. Одан бөлек биыл чемпиондық жекпе-жек­терге міндетті үміткер атанса жақ­сы болушы еді. Бұл ретте, Данияр­дың өзі де IBF рейтингінде үздік ондыққа кіріп тұр. Сондық­тан рейтингті тағы да көтеру үшін осы ондықтағы үздіктермен шық­қан дұрыс. IBF бойынша көтерілсе Елеусіновтің бір емес, екі тұжы­рым бойынша чемпион болуға мүмкіндігі бар, – дейді Табиғат. Мамандардың пікіріне сенсек, Данияр Елеусінов үшін 2021 жыл табысты жылдардың бірі болады екен. Мұны Delcotimes.com пор­талы­ның журналисі Джек Мак­Каферри қостайды. – Елеусінов өзінің мықты еке­нін көрсетті. Биыл бұл жігіттен жақ­сы нәтиже күтуге болады. Эдди Хирн биыл оны чемпиондық жек­пе-жекке шығарады деп сенемін. Тезірек болса, тіпті жақ­сы болар еді. Жалпы, Данияр Хирн­мен келісімшарт жасап, жолы болды. Ол – әлемдегі ең мық­ты промоутердің бірі. Әрі өзінің боксшыларына жақсы қарап, кере­мет мүмкіндік жасай­тын ма­ман. Енді барлығы тек Даниярдың өз қолында. Көп өтпей ол чемпион атанатын мүм­кіндікке ие болады. Елеусінов­тің биыл Каваляускас немесе Гар­сия­мен шыққаны қы­зық болады. Олар рейтингте жо­ғары көтерілу үшін жақсы қарсы­ластар. Оның үстіне, бұл кездесу­лерде Данияр да өзінің қанша­лықты мықты екенін көрсете алады, – дейді МакКаферри. Сөз соңында айта кетейік, аме­рикалық боксшы Дэнни Гар­сия желтоқсан айында отандасы Эррол Спенспен WBC және IBF бел­беулері үшін жекпе-жек өт­кізіп, жеңіліп қалды. Ал литвалық Эгидиюс Каваляускас болса WBO белбеуін иегері америкалық Теренс Кроуфордпен кездесіп, нокаутқа түскен болатын. Бұл жігіттердің барлығы да Данияр Елеусіновтің салмағында екенін тағы да еске саламыз. Қалай деген­мен, сәуір айында отан­дасымыз осы боксшылардың бірі­­мен жекпе-жек өткізуі мүмкін. Сәтін салсын дейміз.

АбылайханАбылайхан ЖҰМАШ