Жауынқұрттан ақша жауады

Жауынқұрттан ақша жауады

Шымкент қаласының іргесіндегі Ор­да­басы ауданына қарасты Қайнар ауы­лы­ның тұрғыны Бақытжан Әсем­беков кә­дімгі жауынқұрт өсіріп, қыруар пай­даға кенеліп отыр. Кәсіптің ерекше түрін таң­даған Бақытжан бүгінде оны ауыл­дастарына үйретуден жалықпайды. Иә, ал­ғашында мұндай кәсіптен мол қаржы табуға болады деген сөзге мысқылмен күл­гендер, әзілдеп сенбегендер көп бол­ыпты.

Калифорниялық жауынқұрт туралы жер­гілікті басылымдардың бірінен облыс аума­ғын­да тұратын қарияның кәсібі жайлы жазылған ма­қаладан білген. Бірақ қария құртты табыс табу үшін емес, өз қажеті үшін өсіреді екен. Осы жайт туралы оқыған соң бұл іске қызы­ғу­шылығы артады. «Тақырып мені қатты қы­зық­тырды. Себебі біздің өңірдің топырағы сазды. Сон­дықтан оның құнарын биогумус, яғни органикалық тыңайтқыштың көмегімен немесе ауылшаруашылық қалдықтарын жауын­құртпен өңдеу көмегімен жақ­сартуға болады. Мен әлгі қарияны іздей бас­тадым. Тапқан күнде де ол Америкадан баласы әкелген құрттарды маған сатудан үзілді-кесілді бас тартты. Оны біраз үгіттеуге, өзімнің осы істі түбегейлі атқаратынымды айтып сендіруге көп уақыт та жұмсадым. Кейін 50 теңгеден 200 құрт сатып алдым», – дейді ол. Бұл Бақытжанның жауын­құрт кәсібінің алғашқы қадамы болатын... Жас жігіт 9 айдан соң әлгі жердегі құрттарды тек­серіп көруге бел буды. Ашып санаса, мұнда бая­ғы 200 құрт емес, оның саны 15 мыңға жет­кенін көріп таңданғанынан шалқасынан құлай жаз­дайды. Сөйтіп, бар болғаны 9 айда бірнеше есе­леп көбейген құрт өсіру ісіне біржола кірі­седі. «Сол кезде олардың тез көбейетінін түсі­ніп, бұл іспен байыпты айналысуға бел будым жә­не 2 досымды тарттым. Ол кезде вер­ми­куль­ти­вация туралы ақпаратты ғаламтордан табу қиын болды. Форумдар мен кітапханалардан бір­тіндеп ақпарат жинау қажет болды», – дейді ол. Бақытжан Әсембеков кейін Өскемендегі құрт өсіретін алып вермифермасынан жаңа пар­тия сатып алды. Бүгінде оның жерінің әр шар­шы метрінде 50 мың жауынқұрт бар. Олар­дың арасында ересегі, жасы және кокондар мен жұ­мыртқалар да бар. Ол алынған 400 мың крип­пилянттардың көпшілігін өзі үшін сақтап, қал­ған бөлігін серіктесіне берген. Құрттарды қо­ректендіру үшін ол жерге жүк көлігімен жар­тылай шіріген сәбіз түсіреді. Оған сабан, көң қо­сады. Мұндай қоректік тағамдарды ауыл тұр­­­ғындары қажетсіз зат ретінде қуана-қуана өтк­ізеді екен. Есесіне құрттар мұндай жерде бел­­­сенді жұмыс істейді. Бүгінде құрт тілін жақ­сы меңгерген Бақытжан «олардың адамдардан айыр­­машылығы: ауырмайды, шаршамайды, ұстау­дың ерекше жағдайларын қажет етпейді», – дейді. Бар болғаны тамақ, қараңғылық пен ты­ныш­­тық болса жеткілікті. Орта есеппен 15 жыл өмір сүретін олар ұзақ жасағанда бір құрт 1,5 тон­на қалдық шығарады екен. Бір күн ішінде бір ересегі өз салмағына тең болатын органи­ка­лық заттарды өңдей алады. «Өзім осы кәсіпке тартқан бір жолдасым мұны баға алмады ма, біразынан айырылып қалды. Бір жылдың ішінде құрттың санын 4 миллионға жеткіздім. Әрине, кез келген биз­несте оған бар жан-тәніңмен беріліп, аса мұ­қият жұмыс істеуің керек. Теория мен тә­жіри­бенің айырмашылығы жер мен көктей. Кейбір қателіктерімді мойындай отырып, өзімді дамытумен келемін. Қыста құрттарды биіктігі бір жарым метрлік үйіндіге орналастыру керек. Бірақ осы тұста мен өте маңызды сәттен мүлт кетіппін. Негізі, компостты ашыту керек екен. Бұл ашыту процестері кезінде көңде 60° C дейін­гі температурада жүретін бактериялар мен дернәсілдер өледі. Ал мен ашытпай үстіне су құйып, фольгамен жауып қойған едім. Сал­дары­нан 10 млн құрттың оннан тоғызынан айы­ры­лып қалдым», – дейді ол. Иә, кейбір кі­ші­гірім қателік үлкен шығындарға алып кел­ді. Құрттар өмір сүретін топырақтың ылғал­ды­лығы кем дегенде 70 пайызды құрауы тиіс. Омырт­қасыздарға шамадан тыс ылғал да зиян­ды. Бақытжан күндердің бір күнінде вермикуль­тивация саласындағы әйгілі орыс ғалымы И.Титовпен кездесті. Мұндай мүмкіндікке тек­тен-тек қол жеткізген жоқ. Өзіне сапалы ши­­кізат қажет болғандықтан, Алматыдағы то­пырақтану институтына сұйық биогумус өндірісінің технологиясын енгізген болатын. Хабарландыру бойынша институт өкілдері Б.Әсембековке хабарласқан. Әйгілі орыс ғалы­мымен сонда танысқан ол ғалымды өз фер­ма­сына да алып келді. Игорь Николаевич Бақыт­жан фермасындағы биогумус сапасын жоғары бағалады. Жас кәсіпкер бір құртты жылына 50 есеге көбейтуге болатынын айтады. Тіпті, оның бір шәкірті құрттың санын бір жылда 70 есеге дейін көбейткен. Күтіміне ерекше назар аударған сайын еселеп пайда табуға болатынын дәлелдеп отыр. Бір «КамАЗ» көңді небәрі 6 мың теңгеге са­тып алу арқылы құрттар шығаратын верми­компостты 250 мың теңгеге сатуға болады екен. Бақытжан осы уақытқа дейін туыстарының жы­лыжайының жанындағы жер учаскесінде құрт өсірумен айналысса, өткен жаздан бастап бұрынғы құс фабрикасының бос ғимаратын жалға алады. Ай сайынғы жалдау ақысы – 150 мың теңге. Қазір құрт фермасында 30 млн ка­лифорниялық құрт бар. Вермикомпост, әсіресе қазір көшет өскен кезде жылыжай ке­шен­дері­нің иелері арасында үлкен сұранысқа ие. Орга­никалық көкөністер осы органикалық өнімде өседі. Одан бөлек, омыртқасыздар құс еті үшін керемет қоректік тағам және рекреациялық бал­ық аулауда тиімділігі жоғары жем ретінде кеңі­нен қолданылады. Бүгінде құртқа сұраныс көп. Миллион құрт ала­тындар үшін оның бағасы 4 теңгеден деп бел­гіленген. Бақытжан мамыр айының соңына дейін 10 млн құрт дайындауды жоспарлап отыр. Бү­гінде осынау кәсіпке қызығушылық танытып жат­қандар да көбейе бастаған. Верми-фер­мер­лер өзара сұхбат құрып, тәжірибе алмасып тұра­­ды екен. Енді ол осы кәсіпке қызығу­шы­ларға семинарлар мен ақпараттық турларды ұйым­дастыруды, вермикультура бойынша ар­найы нұсқаулық шығаруды және YouTube ар­насын ашуды жоспарлап отыр.

Назгүл НАЗАРБЕК, Шымкент қаласы