Бағдадты зымыранмен атқылады
Бағдадты зымыранмен атқылады
110
оқылды

Бағдад тағы зымыранмен атқылады, – деп хабарлайды 24.kz.

Соңғы ақпаратқа сәйкес, бүгін таңда Ирак астанасы Бағдадқа тағы екі зымыран құлаған.

Оның бірі АҚШ елшілігіне жақын жерге түскен. Екіншісі үкіметтік ғимараттар орналасқан ауданға жақын жерде жарылды. Әскерилердің мәлімдеуінше, шабуылдан ешкім жапа шекпеген.

Зымырандарды кімдер ұшырғаны анықталып жатыр.