Сотталған азамат Нұрбол Әбілқасов көпбалалы отбасына үй алып берді
Сотталған азамат Нұрбол Әбілқасов көпбалалы отбасына үй алып берді
182
оқылды
Сатпаев қаласында сотталған адам өзімен ниеттес жандармен бірігіп ақша жинап, көпбалалы отбасына пәтер сатып алды. Сәтпаев қаласының тұрғыны Нұрбол Әбілқасов біраз уақыт бұрын бұзақылық жасағаны үшін бас бостандығынан айырылған. Оған пробациялық бақылау орнатылған болатын. Алайда бұл бекер болып шықты. Ол пробация қызметкерлеріне қиындық туғызбады, керісінше белсенді азаматтық ұстанымын көрсетіп, айналасындағыларға көмектесіп жүр. Бір күні Нұрбол көпбалалы Жаңбырбаевтар отбасының жағдайы туралы біледі. Ерлі-зайыпты Серік пен Ольга. Екеуі де мүгедек және олар алты бала тәрбиелеп отыр.
"Достарыммен бірге көпбалалы отбасы туралы жаңалықтардан білдік. Алты бала және олардың мүмкіндіктері шектеулі ата-аналарының жайы аянышты еді. Олар туыстарымен бірге бүкіл отбасы бір бөлмеде тұрып жатты. Оларға көмектесу туралы шешім қабылдадық. Сосын ұйымдасып, қаражат жинауды қолға алдық.  Әлеуметтік желілерге ақпарат жариялап, қала дүкендеріне қайырымдылық жәшіктерін орнаттық", – дейді Нұрбол Әбілқасов.
Оның айтуынша, бұл іске алдымен таныстары мен туыстары атсалыса бастаған. Кейін қаланың жанашыр тұрғындары көмек көрсетті және "Біз біргеміз"еріктілері қосылды. Осылайша,  сегіз ай ішінде олар 2,3 миллион теңге жинай алды. Жиналған қаражатқа Жаңбырбаевтар отбасына  екі бөлмелі пәтер сатып алды, – деп жазады Тengrinews.kz.
"Біз оларға пәтер беріп қана қойған жоқпыз, онда жөндеу жұмыстарын жүргіздік, қолайлы жағдай жасадық. Мұның бәрі Сәтпаев тұрғындарының мейірімділігінің арқасы. Кілтті беру сәті өте әсерлі болды. Біз отбасы үшін нағыз мереке ұйымдастырдық", – дейді Нұрбол Әбілқасов.
Жаңбырбаевтар отбасы қазір  өз пәтеріне көшіп келіп, бақытты екенін қуана жеткізіп жатыр. Олар өз үйі туралы армандаған да емес, мемлекеттік қордан баспана алу кезегінде тұрмаған.
"Біз Нұрболға, оның достарына және бізге көмектескен барлық адамға өте ризамыз. Мұндай сыйлық алу – нағыз бақыт. Балаларымыз қатты қуанды", – дейді Серік Жаңбырбаев.
Волонтерлікті дамытуға қосқан үлесі үшін Нұрбол Әбілқасов қала әкімінен алғыс хат алды. Ол мұқтаж адамдарға одан әрі көмектесуге ниетті. [caption id="attachment_110897" align="alignnone" width="740"] width= Фото: ашық дереккөзден[/caption]