Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Qazaq Air әуе компаниясының ұшағына қатысты болған оқиға туралы түсініктеме берді.
«12 ақпанда сағат түнгі 23.20-да елордада Qazaq Air әуе компаниясының Нұр-Сұлтан – Шымкент бағытындағы QAZ427 рейсінде тосын оқиға тіркелді. Ұшақтың ортаңғы шассиінің тысы жарылып, онымен ұшақ 700 метрдей қозғалып үлгерген. Осыдан соң әуе кемесі тұраққа жеткізілген», – делінген комитет таратқан хабарламада.Бүгін таңертең Нұр-Сұлтан – Алматы бағытындағы QAZ353 тұрақты рейсін орындайтын Qazaq Air әуе компаниясының басқа да әуе кемесі тексеріліп, шассидің оң жақ тіреуінің қос пневматигінің зақымданғаны белгілі болды. Жолаушылардың бәрі эвакуцияланды. ИИДМ Авиациялық оқиғалар мен жағдайлар басқармасы осы оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын бастады.