82 бас мал ұрлаған күдікті Нұр-Сұлтанда қыдырып жүрген жерінен ұсталды
82 бас мал ұрлаған күдікті Нұр-Сұлтанда қыдырып жүрген жерінен ұсталды
131
оқылды

Түркістан облысы Бәйдібек АПБ-не жергілікті тұрғын қорасынан 82 бас ұсақ малының ұрланғанына арызданған, – деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы құны 3 жарым миллион теңгеге жуық. Болған жайтты полицейлер тез арада ҚР ҚК 188-бабы «ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіліміне тіркейді. Аталған мал ұрлығы қылмысын жедел ашу мақсатында Түркістан облысы Полиция департаментінің Бәйдібек АПБ қызметкерлерінен жедел-іздестіру тобы құрылады. Білікті полицейлер жақын маңның барлығын аралап, мал тасымалдайтын автокөліктерді тексеріп, куәгерлерден сұрақ-жауаптар алып, аймақты тінтіп шығады.

Іздеу нәтижесінде мал ұрлығына қатысы бар күдікті тұлға мен оның көлікке мал тиегені анықталады. Алайда ұрлыққа қатысты бар адам тұрғылықты мекенжайында болмай шығады.

Күдікті бірнеше айдан соң Нұр-Сұлтан қаласында қыдырып жүрген жерінен ұсталды.

Тергеу барысында ол малды сатып, қаржыны қажетіне жаратқаны анықталған.

Оқиғаның анық-қанығы анықталып жатыр.