Семейде жасөспірімді жүк көлігі қағып, мерт қылды

Семейде жасөспірімді жүк көлігі қағып, мерт қылды

Семейде кәмелетке толмаған бала ауыр жүк көлігінің  астында қалып, көз жұмды. Қайғылы оқиға шамамен 16:40 шамасында Глинка көшесінде Көктем сауда үйінің маңында болған. «Shaсman жүк көлігінің жүргізушісі Глинка көшесі  бойымен тиелген КамАЗ-ды тіркемесімен сүйреп бара жатып, Көктем сауда үйінің жанындағы жаяу жүргіншілер өткелінде жаяу жүргіншіні қағып кетті. Апат салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды», – деп хабарлады ШҚО полиция департаменті. Қазір оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.