Алматыда 8 күнде «Сергек» 42 миллион теңгенің айыппұлын түсірген
Алматыда 8 күнде «Сергек» 42 миллион теңгенің айыппұлын түсірген
131
оқылды

Биыл жыл басталысымен алғашқы сегіз күнде «Сергек» камералары 42 миллион теңгеге жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін тіркеді, — деп хабарлайды Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

Қалада 8 күнде 2564 жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегі тіркелген.

Ең жиі бұзылатын ереже — жылдамдықты асыру. Полицейлердің айтуынша, жүргізушілер жол бойындағы жол қозғалысы ережелерінде бекітілген талаптарға назар аудармайды.

Айта кетейік, Алматыда «Сергек» камералары 1 қаңтардан бастап іске қосылды. Қала бойынша 400 аппараттық-бағдарламалық кешен орнатылған.