Шымкентте бес қабатты зауыттың төбесі құлап, үш адам қаза тапты
Шымкентте бес қабатты зауыттың төбесі құлап, үш адам қаза тапты
5,108
оқылды
Шымкентте «Ордабасы» индустриалды аймағындағы бес қабатты зауытта темір-бетон плиталарының жабындысы құлап, ішінде жүрген үш адамды басып қалған, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, «112» басқару пультіне күндізгі сағат 14:43-те Қапал батыр тас жолында орналасқан «Ордабасы» индустриалды аймағынан шұғыл хабарлама келіп түскен. Жалпы ауданы 2000 шаршы метрді құрайтын ғимараттың қараусыз қалғаны анықталған. Оқиға орнында авариялық-құтқару жұмыстарына жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, 1 кинологиялық топ жұмылдырылған. Осы қызметкерлер мен қызметтік иттердің көмегімен үйінділердің астынан 3 ер адамның денесі табылған. Алдын ала мәліметтер бойынша, олардың бірі күзетші, екеуі иесіз қалған ғимараттың металл құрылымдарын бөлшектеумен айналысқан. Қазіргі уақытта қайғылы жағдайдың себеп-салдары тексеріліп, анықталуда. Құзырлы органдар тарапынан тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.