Coca-Cola сусындарын қағаз бөтелкелерде шығарады
Coca-Cola сусындарын қағаз бөтелкелерде шығарады
163
оқылды
Coca-Cola компаниясы сусындарын жаңа қағаз бөтелкеде шығаруды көздеп отыр. Комапания биыл жаңа қаптамаларды эксперимент түрінде шығарып көреді. Қағаз бөтелкенің прототипін даниялық Paper Bottle компаниясы жасаған. Оның құрамында жұқа пластикалық төсеніш бар, бірақ компания жүз пайыз қайта өңделетін пластигі жоқ бөтелке жасауға тырысуда. Эксперименттің түпкі мақсаты бөтелкелерді 100% қайта өңделетін, пластиксіз және газдалған сусындардың қысымына төтеп бере алатын етіп жасау. 2030 жылға қарай Coca-Cola қалдықсыз өндіріске көшуді жоспарлап отыр. Break Free From Plastic (пластиктен арыламыз) қайырымдылық ұйымының мәліметтері бойынша, Coca-Cola әлемдегі пластикалық қоқыстың негізгі генераторы екен.