Мәжіліс депутаттары – Түркістанда
Мәжіліс депутаттары – Түркістанда
5,151
оқылды

Түркістан облысына Мәжіліс депутаттары жұмыс сапарымен келді. Олар Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалының Open spaсe форматындағы қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмысымен танысты. Партия қызметкерлерімен, фракция мүшелерімен кездесіп, тұрғындардың талап-тілектері жөнінде пікір алмасты. Өңірдің тыныс-тіршілігімен танысуға арнайы келген депутаттар бір апта бойы аудан, қалаларды аралап, фракция мүшелерімен, сайлаушылармен кездеседі.

Іссапар барысында мәжілісмендер Байділдә Жылқышиев, Мансұрхан Махамбетов, Уалихан Қайназаров, Құдайберген Ержан, Сәкен Қаныбеков және Мұхтар Ерман облыс әкімінің бірінші орынбасары Қосман Айтмұхаметовпен кездесті. Кездесу аясында өңірдің дамуы, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы талқыланды. Парламент өкілдері Түркістан қаласының ажары ашыла түскенін айтып, құрылыс барысына оң бағаларын берді.

Депутаттар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған, биыл қолданысқа енгізілген бірнеше жаңа заң жобалары туралы ой бөлісті.

Осыған дейін халық қалаулылары Төлеби ауданындағы бірқатар әлеуметтік маңызды нысандарды аралады. Сондай- ақ, жергілікті халықпен кездесіп, ҚР Парламент Мәжілісінде қабылданған заңдар, енгізілген өзгерістер мен толықтырулар төңірегінде ой өрбітті. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде айтылған өзекті мәселелер, Nur Otan партиясының жұмысын жаңғырту жолында атқарылуы тиіс жұмыстар, міндетті әлеуметтік сақтандыру, жастар кадрлық резерві, жоғарғы оқу орындарын оңтайландыру мәселелерін түсіндірді.  Сонымен қатар, 2020 жылдан бастап берілетін атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы сөз болды. Жиынға қатысушылар ашық әңгіме барысында толғандыратын сұрақтарына толыққанды жауап алды.

Мажилис депутаттары Туркестанда (1).jpeg