«Қар көшкіні»: тұрғындарға таулы аймаққа бармауға кеңес берді
«Қар көшкіні»: тұрғындарға таулы аймаққа бармауға кеңес берді
106
оқылды
Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жасанды жолмен түсірілді. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 ақпанда қар көшкінінің алдын алу шаралары «Алтай-Путинцево» тасжолының 37-шақырымында жүргізілген.
«Өңірдегі құбылмалы ауа райы мен желдің күшеюіне байланысты аталған жол учаскесінде көшкін жүру қаупі арта түскен. Соған орай жасанды жолмен 250 текше метр қар түсірілді. «Қазселезащита» мекемесінің қызметкерлері бірден қарды тазалап, жолды ашты», – делінген хабарламада.
Ведомство өкілдері өңір тұрғындарына таулы аймақтарға бармауға кеңес берді.