Бірқатар өңірде тұман түседі
Бірқатар өңірде тұман түседі
123
оқылды

10 қаңтар күні Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райы сақталады,– деп хабарлайды «Қазгидромет».

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түседі, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

Қызылорда облысының да кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан қатты жел соғып, оның жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

Қостанай облысында тұман болып, көрініс нашарлауы мүмкін.