Қазақстанда емнің бағасы қымбаттауда
Қазақстанда емнің бағасы қымбаттауда
98
оқылды

Медициналық қызметтің өсуі бойынша екі облыс көш бастап тұр.

2019 жылы Қазақстанда денсаулық сақтау қызметі 7,1% -ға өсті, – деп хабарлайды LS.

Ақмола облысының және БҚО медициналық ұйымдарында бағаның анағұрлым жоғары көтерілуі байқалды. Онда медициналық қызметтер сәйкесінше 10,3% және 10,6% қымбаттағанды.

Атырау облысында баға 9,9%, Ақтөбе облысында – 9,7%, Солтүстік Қазақстан облысында – 9,3%, Жамбыл облысында – 8,5%, Маңғыстау облысында – 8,4%, Алматыда – 7,4% -ға, ал Қостанай мен Нұр-Сұлтанда – 7% -ға қымбаттаған.

Сондай-ақ, Павлодар облысында медициналық қызметтер 6,7%, Алматыда – 6,6%, Қарағанды ​​облысында – 5,7%, Шымкентте – 5,4% қымбаттады.

Бұл ретте, қызметтерге бағаның ең аз өсуі Шығыс Қазақстан (5,1%), Қызылорда (4,8%) және Түркістан (3%) облыстарында тіркеліп отыр.