Балықшылар отырған көлік мұз астына түсіп кетті
Балықшылар отырған көлік мұз астына түсіп кетті
139
оқылды
Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданында көлік мұз астына түсіп кетті. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 ақпанда Бұқтырма су қоймасының жағасындағы Табанды кара учаскесінде балықшылар отырған көлік мұз астына түсіп кеткен. Көліктен 4 ер адам көліктен шығып үлгерген, ешкім зардап шекпеді.
 «Мұз қалыңдығын білмей балық аулауға шықпаған жөн. Дәл осы Табанды кара учаскесінде көліктің мұз астына түсуі бірінші рет тіркеліп отырған жоқ. Сондықтан азаматтарға барынша абай болу қажеттігін ескертеміз», – делінген хабарламада.