Иранда 136 жолаушысы бар ұшақ көшеге шығып кетті
Иранда 136 жолаушысы бар ұшақ көшеге шығып кетті
Фото: Интернеттен алынды
198
оқылды
Иранда Тегераннан Махшахрға ұшып бара жатқан ұшақ қону кезінде ұшып-қону жолағынан өтіп барып тоқтаған, – деп жазады «РИА Новости». Дереккөздің жазуынша, ұшақта 136 жолаушы болған. Алдын ала мәліметтер бойынша ешкім зардап шекпеген. «Жолаушылар зардап шеккен жоқ. Мамандар төтенше жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр», – деді Иранның Азаматтық авиация ұйымының төрағасы Джаафар Заде. ISNA агенттігі жариялаған видеоларға қарағанда, дұрыс қона алмаған ұшақ көліктер қозғалатын аумаққа барып тоқтаған.