Ұшақ апаты: Комиссия мәлімдеме жасайды
Ұшақ апаты: Комиссия мәлімдеме жасайды
133
оқылды

Ертең BekAir әуекомпаниясы ұшағының апатқа ұшырау себептерін анықтау бойынша үкіметтік комиссия жұмысының алдын ала болжамы жария етіледі,– деп хабарлайды ҚазАқпарат ortcom.kz сілтеме жасап.

«10 қаңтар күні сағат 15:00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы облысындағы BekAir әуекомпаниясы ұшағының апаты себептерін анықтау бойынша үкіметтік комиссия жұмысының алдын ала болжамы бойынша мәлімдеме жасалады»,– делінген хабарламада.

Баяндамашылар: ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр ; ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев ; Мемлекетаралық авиациялық комитеттің бас директоры Виктор Сороченко .