Алматы қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

Алматы қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 2021 жылдың 14 ақпанындағы жаңа №4 қаулысы жарияланды. Қаулы бойынша сауда және ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлері мен сауда желілерінің жұмысына, сондай-ақ жұмыс және демалыс күндері азық-түлік және азық-түлік емес базарларына штаттық режимде жұмыс істеуге рұқсат етілген. Адам толымдылығы 30% -дан аспайтын және 4 шаршыдан кем емес жабық және азық-түлік емес жабық базарларға әлеуметтік арақашықтықты, маска режимін, санитарлық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтай отырып, рұқсат беріледі. Қоғамдық тамақтану объектілерінің (жабық) қызметтері сағат 7:00-ден 23:00-ге дейін болады. Бұл нысандарда соңғы төлем сағат 22:00-ге дейін жабылуы керек. Әр үстелдегі 4 орын отыруға рұқсат. Әлеуметтік қашықтық, маска режимі, термометрия, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режим сақталуы керек. Сонымен қатар 50 адамға дейін қатысатын мәдени нысандар мен концерт залдарының жұмысына (репетиция), залдағы адам сыйымдылығы 30%-дан аспайтын режимде театрлардың, кинотеатрлардың жұмысына рұқсат етілді.