Ерекше балаларға – айрықша қамқорлық
Ерекше балаларға – айрықша қамқорлық
191
оқылды
«Самұрық-Қазына» ұлт­тық әл-ауқат қоры мен Тұңғыш Президент – Елбасы Қоры арасында қол қойылған ме­морандум аясында 8 ұсақ қан­тамыр ауруы бар балаға арналған 8 оңалту орталығы және 16 қосымша инклюзивті қолдау кабинеті құрылады. Екі тарап денсаулық сақтау мен білім беруді дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы келісімшарт жасады.

«Самұрық-Қазына» қорының төрағасы Ах­мет­жан Есімов өз сөзінде қордың соңғы жылдары жақсы қаржылық көр­сет­кіштерге қол жеткізгенін және Қазақстан­дағы қа­йырымдылық бағдарла­ма­ларының ең ірі доноры екенін атап өтті. «Самұрық-Қазына» соңғы 5 жылда 1 млн-нан астам адамға кө­­мектесіп, осы мақсатқа 60 млрд теңгедей қаржы жұмсаған.

– Меморандум ая­сын­­да бірқатар әлеуметтік жо­­баларды жү­зеге асы­ру жос­п­арланып отыр. Біз­дің Тұңғыш Прези­дент – Ел­ба­сының бас­та­масымен «Қам­қор­лық» бағдарламасы іске қо­сы­лады. Осындай бағдар­ла­ма­ларды орындау арқылы «Самұрық-Қазына» қоры ауыр жағдайға тап болған, осы мәселелерді шешуге мүм­кіндігі жоқ адамдардың өмі­­ріне елеулі үлес қоса­ты­нына сенімдімін, – деді Есімов.

«Самұрық-Қазына» бас­­шысы «Қамқорлық» бағ­дарламасы бизнестің, мемлекеттің және үкі­меттік емес сектордың үшжақты ын­тымақтастығының жар­қын мы­салы болатынын тіл­ге тиек етті. Айта кете­йік, «Қамқорлық» бағ­дар­­ламасы ұсақ қантамыр ау­руына шалдыққан ба­лаларды оңалту, ин­клю­зивті қолдау каби­­нет­тері мен ерте араласу орта­­лық­­тарын материал­дық-техникалық жабдықтау сынды әлеу­меттік мә­се­лелерді шешуге бағытталған.

Тұңғыш Президент қо­ры аталған орталықтарды ашу үшін 171 маманды оқытып, 49 оңалту­шының біліктілігін арт­тыруды ұйым­­дастырады, ал жер­гілікті ат­қарушы органдар үй-жайларын дайындайды. Жаңа оңалту орта­лықтары мен инклюзивті қолдау кабинеттері жұмыс істеп тұрған аурухана, емхана мен жалпы білім беретін мек­тептің базасында ашы­лады.

– Біздің жұмыс тобы бар­лық ай­­мақты аралап, оңал­ту орта­лық­тары мен инк­люзивті каби­неттер ор­на­ласатын елді мекен­дерді анық­­тады. Бастапқы кезең­де қа­жетті мамандар мен құ­рал-жаб­дықтар тізімін жа­сақтады, ма­ман­дарды даяр­лау бағдарламасын әзір­леді. Елбасы біздің ал­ды­мызға биыл оңалту орта­лықтарын ашу міндетін қой­ды. Әрине, бұл – үлкен жұ­мыс. Бұл қиын істе тізе қо­­сатын «Самұрық-Қа­зына» се­кілді мықты серіктес бар. Біз ерек­ше қажеттілігі бар балалар үшін ең жақсы жағ­­дай жасаймыз және олар­­дың мақсатына қол жет­­­кізуіне көмектесеміз, – деді Тұңғыш Президент – Елбасы Қорының атқарушы директоры Әсет Исекешев.

Ерсайын БАҒДАТ