Ақша айналымы – бақылауда
Ақша айналымы – бақылауда
291
оқылды

Биылдан бастап екінші деңгейлі банктер төлем карталары арқылы жасалған қаржы айналымы есебін Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне жеткізуге міндеттеледі.

Бұл туралы Қаржы ми­нистр­лігі Мемлекеттік кірістер ко­ми­теті бас­қармасының бөлім бас­шысы Гүлмира Смағұлова тү­сіндірді. Ол: «2019 жылдың 31 жел­тоқсанында Қаржы минис­трінің Ұлттық банкпен келі­сілген бұйрығы шықты. Осыған орай екінші деңгейлі банктер мен меке­мелер POS-терминал арқылы жа­салған төлемдері туралы есеп беретін болады», – деді баспасөз конферен­ция­сында.

Сонымен бірге жеке кәсіп­керлер, жеке сот орындаушылар, нотариус және кәсіби медиа­торлар, арнайы салық жүйесімен жұмыс істейтін, ойын бизнесінде жүрген заңды тұл­ғалар екінші деңгейлі банк ара­сындағы жүр­гізілген ақша айналымы туралы Мемлекеттік кірістер коми­тетіне есеп береді.

Гүлмира Смағұлова: «Әр жыл­дың соңында жоғарыда аталған кате­го­рияға жататын­дардың тізімі бе­кі­ті­ліп, екінші деңгейлі банктерге бе­рі­леді, нәтижесінде олардан орта­лық­­тан­дырылған мағлұмат алынады. Осы арқылы жалпы төлемді анық­тай­мыз. Бұл салық жүйе­сі­не бақылау жасау үшін керек», – дей­ді. Бұл жүйе іс жүзінде жа­рия­ланған табыс пен тер­минал арқылы қанша ақша айна­лым­да болғанын нақтылайтын болады.