Мейірімхан Назарханов өзіне құпия түрде 7 миллион теңге сыйлаған адамды іздеп жатыр
Мейірімхан Назарханов өзіне құпия түрде 7 миллион теңге сыйлаған адамды іздеп жатыр
102
оқылды
X-фактор жобасының экс-қатысушысы Мейірімхан Назарханов өзіне жасырын түрде 7 миллион теңге сыйлаған адамды іздеп жатыр.  Ол барлық соманы қайтарғысы келетінін, мұндай сыйлықты қабылдай алмайтынын айтады. Жобада оның тәлімгері Нағима Есқалиева болған. Жобадан шыққаннан кейін Мейірімхан Алматыдан Рудныйға оралды, – деп жазады Наш Костанай. Туған қаласына келгеннен кейін тосынсыйға тап болған. Оған көптеген сыйлық берілген. Соның бірі белгісіз адам беріп жіберген 7 миллион теңге болатын. "Еуразия бірінші арнасының" баспасөз қызметі анонимді түрде  ақша жіберген адам сыйлығының қасына хат салғанын хабарлады. Хатта ол үшін Мейірімхан кез келген жағдайда жеңімпаз екені жазылған. Дегенмен  орындаушының өзі мұндай сыйлыққа лайық емес екеніне сенімді. Сондықтан  ақшаны қабылдай алмайтынын және ол адамды іздеп, ақшаны өзіне қайтаруға шешім қабылдағанын жеткізді.