Қызылорда облысында Мәскеуге кетіп бара жатқан жүк көлігі өртеніп кетті
Қызылорда облысында Мәскеуге кетіп бара жатқан жүк көлігі өртеніп кетті

Оқиға «Самара-Шымкент» тасжолының 1698-шақырымында болды.

Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрттен зардап шеккендер жоқ.

«DAF маркалы жүк көлігінің тіркемесіне тиелген киім-кешек секілді заттар жанып кетті. Оқиға орнына Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен 5 қызметкер 1 автокөлікпен жетіп, көлік тіркемесі толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ» делінген ресми хабарламада.