Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Anti-fraud жедел алдын алу іс-шарасы кезінде Шығыс Қазақстан облысының 26 жастағы тұрғыны ұсталған.
Ол Атырау қаласының тұрғындарына «азық-түлік жеткіземін» деген сылтаумен «Яндекс» такси қосымшасы арқылы алдап, алаяқтық жолмен ақшасын иемденген. Қазір күдіктінің интернет алаяқтықтың 13 эпизодына қатысы бар екені дәлелденді. Оған қатысты Қылмыстық Кодекстің 190-бабы, 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.Бұған дейін Атырауда 364 киік мүйізіне қатысты екі тұрғынды ұстаған еді.