Жалғыздық министрлігі не үшін құрылады?
Жалғыздық министрлігі не үшін құрылады?
134
оқылды

Бұл туралы Жапонияның премьер-министрі мәлім етті. Үкіметінің мұндай шешім шығаруына карантин кезінде әйелдердің суицидке жиі баруы себеп болған көрінеді. Бұл туралы inbusiness.kz хабарлады.

Жаңадан құрылатын Жалғыздық министрлігі суицидтің себептерін, карантинде оқшауланған адамдар жиі кездесетін психологиялық проблемаларды анықтайды. Сондай-ақ кедей отбасындағы балалардың мәселесін шешуі керек. Жапонияда соңғы уақытта бала туу көрсеткіші төмендеп кеткен.

Бұған дейін Қазақстанда тұрмыстық проблемалардан қажыған адамдардың не себепті суицидке баратынын жазған болатынбыз.