Полицейлер жүкті әйелдің аман-есен босануына көмектесті
Полицейлер жүкті әйелдің аман-есен босануына көмектесті

Жолаушы Мотабар Ибрагимова Қарағанды қаласынан өзінің тұрғылықты мекенжайы бойынша Шымкент қаласына келе жатқан. Жолда өзін жайсыз сезініп, көмек сұраған. Айы-күні жеткенін айтқан.

Шығанақ станциясының патрульдік полицейі Б.Джолтаев азаматшаға көмек көрсету үшін оқиға орнына жетеді. Оны пойыздан түсіріп алып, жедел жәрдеммен Мойынқұм аудандық перзентханасына жеткізеді.   [caption id="attachment_111204" align="aligncenter" width="1200"]пойыз, жүкті әйел, пойыз, Мотабар Ибрагимова, полицей Фото: Интернеттен алынды[/caption] Нәресте перзентханада аман-есен дүниеге келді.

Мотабар Ибрагимованың күйеуі әйелін перзентханадан шығарып алған соң, алғыс айту үшін Шығанақ станциясындағы желілік полиция бөлімшесіне арнайы келген. Көмек көрсеткен полицейлер балалы болған отбасын теміржол вокзалынан Шымкентке шығарып салды.