«Спутник-V» вакцинасы Қазақстанда ресми тіркелді
«Спутник-V» вакцинасы Қазақстанда ресми тіркелді
127
оқылды

Қарағанды фармацевтикалық кешенінің хабарлауынша, 13 ақпанда Денсаулық сақтау министрлігі Сараптама ұйымы тіркеу дерекнамасының материалдарын қарау нәтижесінде вакцинаның қауіпсіздігі, сапасы мен тиімділігі туралы қорытынды берген.

ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне тіркеу куәлігін алуға өтінім жолданды. Қазақстан – «Спутник-V» вакцинасын қолдануды мақұлдаған 27-мемлекет.

Бүгінгі күні вакцина Ресей, Беларусь, Аргентина, Боливия, Сербия, Алжир, Палестина, Венесуэла, Парагвай, Түркіменстан, Мажарстан, БАӘ, Иран, Гвинея Республикасы, Тунис, Армения, Мексика, Никарагуа, Серб Республикасы (Босния және Герцеговина энтитеті), Ливан, Мьянма, Пәкістан, Моңғолия және Бахрейн сияқты мемлекеттерде тіркелген.

Қазақстанда жаппай вакцина салу биыл 1 ақпанда басталды.