Мемлекеттік бағдарламалар түсіндірілді

Мемлекеттік бағдарламалар түсіндірілді

Алматыда Мәжіліс депутаттары бірқатар кездесулер өткізді. Тұрғындар кездесулерде барынша белсенділік танытып, өтініш-тілектерін білдірді.

Nur Otan партиясы Алатау аудандық филиалында Мәжіліс төрағасының орынбасары Гүл­мира Исимбаева мен Мәжіліс депутаты, Nur Otan партиясы фрак­циясының мүшесі Серік ­Құ­сайыновтың азаматтарды қа­был­дауы өтті. Шараға Nur Otan пар­тиясы Алматы қалалық фи­лиа­­лы төрағасының бірінші орын­­басары Станислав Кан­ку­ров, Nur Otan партиясы Алатау аудандық филиа­лының төрағасы, аудан әкімі Шах­мерден Рыспаев, Алма­ты қа­ласы басқармалары мен де­пар­таменттерінің өкілдері қатысты.

Депутаттар бұл күні 20-ға жуық азаматты қабылдады. Онда негізінен жер учаскесі мен тұрғын үй алу, АӘК-ті ресімдеу, меди­циналық сақтандыру сияқты мә­селелер көтерілді.

– Біз бүгін Алатау ауданы аза­маттарын қабылдадық. Аудан – қалың елді мекен. Мұнда жұмыс­шы мен өзін-өзі жұмыспен қам­тыған халықтың көп бөлігі тұра­ды. Аудан 10 жыл бұрын ашылып, осы жылдар ішінде көптеген жұмыстар атқарылды. Жол, кәріз және жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Ауданда инфрақұ­ры­лым мәселесі шешіліп жатыр. Сонымен қатар азаматтардың тұрғын үй, газбен жабдықтау, көшені жарықтандыру сияқты жекелеген мәселелері бар. Мем­лекеттік органдар оларды шешу­дің жолдарын қарастырады, жұ­мыс барысы біздің бақылау­ы­мызға алынады, – деді Гүлмира Исимбаева.

«Құтты мекен» партиялық жобасы аясында №147 балабақ­шада Мәжіліс депутаты, Nur Otan партиясы фракциясы­ның мүшесі Зағипа Балиевамен кездесу өтті. Іс-шара кезінде З.Балиева бала­бақша қызмет­керлеріне заңдар­ға енгізілген толықтырулар мен өз­гертулер туралы айта келе, мем­лекеттік бағдарламалардың маңызын түсіндірді.

– Қазір барлық облыстарда, өңірлерде сайлаушылармен кездесу өтіп жатыр. Біз еліміздегі аудандар мен ауылдарды ара­лау­дамыз. Іссапар кезінде мемле­кеттік бағдарламалар туралы айтамыз. Мысалы, Түрксіб ауда­нындағы біз барған балабақшада балаларға тамаша жағдай жа­салған, – деді З.Балиева.

Jas Otan коуоркинг орта­лы­ғында Мәжіліс депутаттары Жұлдыз Омарбекова мен Артур Платонов Алматы қаласының жастарымен кездесті. Шарада депутаттарға Нұргүл Асанованың Júrek store қайырымдылық жо­басы таныстырылды. Сонымен қатар депутаттар Almaty Volunteers еріктілер жобасымен және «Қамқоршы» әлеуметтік жоба­сымен танысты.

Депутаттар 2019 жылдың жал­ғасы ретінде, 2020 жылды ерік­тілер жылының басталуын және жастар жылының қорытындысын талқылады. Бұдан басқа қаты­сушыларға Парламент Мәжіл­і­сінің және депутаттардың қыз­меті туралы айтылды.

– Қазіргі жастар өз ұстанымын қорғай алады. Олар елімізде бо­лып жатқан жағдайға немқұрай­ды қарамайды. Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыруға аса назар аударылу қажет. Мұндай кездесулер жастар үшін де, біз үшін де өте өзекті, – деді Артур Платонов.

Тұрмыстық зорлық-зомбы­лық құрбандарына арналған дағдарыс орталығында Мәжіліс депутаттары, Nur Otan партиясы фракциясының мүшелері Серік Сейдуманов пен Ольга Ши­ши­гина кездесу өткізді. Іс-шараға Түрксіб ауданы әкімінің орын­басары Ермек Бейсеуов және Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Рахат Шимашева қатысты.

– Дағдарыс орталықтары еліміздің көптеген аймағында жұмыс істейді. Олар қиын жағ­дайға тап болған отбасыларға көмектеседі. Бұл – азаматтарды әлеуметтік қамтамасыз ету және қорғауға бағытталған орын. Әйел адамдарға және олардың бала­ла­рына көмек қажет болғанда орта­лық тарапынан көптеген қолдау көрсетіліп тұрады. Мысалы, құжаттарды реттеу, медициналық көмек, азық-түлікпен қамтамасыз ету, білім алу және тағы басқа. Мұнда азаматтардың қауіпсіз­дігіне аса көңіл аударылады, – деді С.Сейдуманов.

Кездесу соңында Мәжіліс де­путаттары орталықтың қыз­метіне оң баға берді. Өз тара­пынан ор­талық қызметкерлері депутат­тарға кездесу үшін алғыс білдірді.

Алматы қаласындағы «Құ­лагер» алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығына барған Мәжіліс депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі Зәуреш Аманжолова орталықтағы еңбек ұжымымен кездесті. Кездесу барысында ме­кеме басшысы Ұлмекен Смаилова мұндағы жұмыс жүйесі туралы айтып, алдағы жұмыс жоспа­рымен таныстырды.

Орталық 2008 жылы пайда­ла­нуға берілген. Қазіргі таңда мұнда 120-ға жуық жұмыс орны бар. Депутат орталық қызметін қа­дағалап, емделушілермен меди­циналық көмек көрсетудің са­пасы, қолжетімділігі туралы әң­гімелесті. Сонымен қатар іс-ша­раға қатысушыларға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қа­зақстан халқына Жолдауының негізгі аспектілерін және міндетті медициналық сақтандыру жайлы айтып берді.


Гүлнар ТӘЖИЕВА