Жақсылық Досқалиев «Спутник V» вакцинасына қатысты пікір білдірді
Жақсылық Досқалиев «Спутник V» вакцинасына қатысты пікір білдірді

Ол вакцина салдырғаннан кейін медициналық бетперде мен шектеу шаралары қажет болмайтынын айтады. Оның айтуынша, тұмау өршитін кезеңде вакцина салдыру қажет.

«Коронавирустан қорғанудың басқа амалы жоқ. Басқа жағдайдың бәрінде инфекция жұқтыру қаупі жоғары болады. Өкінішке қарай, бұл ауруға қазір дәрілер жоқ. Коронавирустан 97%-ке жуық қорғайтын – вакцина. Одан басқа жолы жоқ. Ресейдің «Спутник V» вакцинасының сапасы өте жоғары. Қазір өзіміздің де вакцина әзірленіп жатыр», – деді Жақсылық Досқалиев Sputnik Қазақстан-ға берген сұхбатында.

Сондай-ақ ол коронавирусқа қарсы вакцина салдыратынын, 40 жылдан бері қыркүйекте тұмауға қарсы вакцина салдырғанын да айтты.